×

Адамдар көмектеспей, қарап тұрды: Павлодар тұрғыны иттің шабуылынан кейін қалай тірі қалғанын айтты

Ол куәгерлердің немқұрайлығына таң қалды

 Халық үні 14.02.2022 | 09:30
көрнекі фото: Halyq Uni

Павлодарда 30 тамызда таңғы сағат 06:00-де полиция аға лейтенанты Бейбіт Жақыпов әйелдің көмек сұраған жанайқайынан оянған. Тәртіп сақшысы бірден терезеге жүгіріп, аяғын талап жатқан төбеттен қашып, көмекке шақырған тұрғынды көрген. Ол тез киініп, көшеге шығып кетеді. Жолда жерде жатқан таяқты ала жүгіреді.

Көлігім ауладағы тұрақта болған. Оны тез қосып, оқиға болып жатқан үйге бет алдым. Жақындай келе ит назарын аудару үшін сигнал бере бастадым. Бірақ төбет назар аудармады. Жүгіріп барып, таяқпен итті қуа жөнелдім. Әйелге тұруға көмектесіп, оны өз итімен бірге көлікке отырғыздым. Ашуланған төбеттің алдында есікті әрең жауып үлгердім. Оны таяқпен қууды жалғастырып, көлікке өзім де отырып, оқиға туралы 102-ге хабарладым. Тұрғынға медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткіздім. Өйткені ит тістерінен қалған қол мен аяқтардағы жаралар өте терең болды. Ол көп қан жоғалтты, – деді Бейбіт.

Оксана Бород сол күндегі оқиғаны қорқынышты түс ретінде еске алады. Сондай-ақ әлі күнге дейін тірі екеніне сенбейді. «Өтіп бара жатқан адамдардың ешқайсысы көмектеспеді. Кейбір адамдар балконнан не болып жатқанын қарап тұрды», – дейді ол.

«Жексенбі таңы. Әдеттегідей итімді серуендетуге шықтым. Не болғанын бірден түсінбедім. Біреу мені қағып кетті, жерге құладым, содан кейін ғана ит маған қарай жүгіргенін түсіндім. Ол қолыма, содан кейін аяғыма жабысып алды. Мен де, итім де зардап шекті. Айқайлап, көмекке шақырдым. Бір жігіт айқайыма келіп, итті ұрып, құтқара бастады. Түк түсінбедім, бәрі тұман сияқты болды. Өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, жігіт маған көмектесті. Егер ол болмаса, тірі болмас едім! Осы оқиғадан кейін әлі күнге дейін өз-өзіме келіп жатырмын. Тек қазір құтқарушымды таптым. Сотта ғана Бейбіт полицей екенін білдім. Бейбіт Жақыповқа ерлігі мен батылдығы үшін үлкен алғыс айтамын, – деді Оксана Бород Павлодар облысы ПД бастығы Василий Склярға жазған алғыс хатында.

Ал жеке аумақта тіркеусіз жүрген, көшеге шығып кеткен ит иесі сол күні ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша жауапқа тартылды. Сондай-ақ әйел моральдық зиян өтеу үшін сотқа жүгінді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама