«Азия Микс» КВН командасының мүшесі ұсталды
Ол әріптесімен Ресей азаматын бопсалаған
«Азия Микс» КВН командасының мүшесі Марат Джуманалиев қылмыстық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл ақпаратты құқық қорғау органдары растады.
«Кабар» агенттігінің хабарлауынша, Марат Джуманалиев әріптесімен бірге «Спекулянт» компаниясының бас директоры, Ресей азаматының сеніміне кіріп, шетел валютасындағы ірі көлемдегі ақшалай қаражатын иемденген және оның құқық қорғау органдарындағы мәселесін шешуге ықпал етуге уәде берген. Содан кейін олар уәдені орындамай, ақшаны иемдену үшін «Спекулянт» компаниясының бас директорының туыстарына қысым көрсеткен. Сондай-ақ, олар Қырғызстан билігіндегі адамдарды және Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы К. Ташиевтың ұлын жақсы танитындарын айтып, қорқытқан.
Сотқа дейінгі тексеру барысында күдіктілер кінәларын мойындаған. Қазір олар тергеліп жатыр.
Марат Джуманалиев КВН-да Маратик атымен танымал.