Атырау перзентханаларында қызмет бағасы негізсіз өсірілген

Айнұр Асылбекқызы

Қалалық перзентханада қызмет ақысы 109 500 теңгеге дейін төмендетілді

көрнекі фото: ашық дереккөзден

Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллиннің айтуынша, перзентханаларда жүктілікті есепке алу қызметіне бағаны заңсыз өсіру дерегі анықталған.

Прокурордың айтуынша, перзентхана қызметкерлері шығындарға заңнамамен алынып тасталған қызметтердің басқа да шығындарды негізсіз есептеген.

Қалалық прокуратура қызметкерлері баға көрсеткішінің заңсыз өсіру тәжірибесін тоқтатты. Қазір бұл қызметтердің құны облыстық перинаталдық орталықта 175 000 теңгеден 130 000 теңгеге, қалалық перзентханада 125 000 теңгеден 109 500 теңгеге дейін төмендетілді, - дейді Аршат Тайтуллин.

Бұған дейін сайтымызда Атырау облыстық балалар ауруханасында бала өлімі көбейгені туралы жазылды. 2019 жылы мұнда 56 бала, 2020 жылы – 36, 2021 жылы – 48 бала қайтыс болған. Ал биыл жыл басталмай жатып үш сәби шетінеген. Баласынан айырылып қалған бір топ ата-ана 7 ақпан күні осы емдеу мекемесінің жанында наразылық акциясын ұйымдастырды. Ал ертесіне, 8 ақпанда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен облыстық балалар ауруханасы дәрігерлері ата-аналардың шағымынан соң брифинг өткізді.