Павлодар тұрғыны 4 жасар қызды, жүкті әйелін және енесін ұрып-соққан
Күдікті қамауға алынды
Павлодар тұрғыны масаң күйде 4 жасар қызды, жүкті әйелі мен қайын енесін соққыға жыққан. Қыз ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған жағдайға байланысты полицияға арызбен 42 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Жүкті әйелдің айтуынша, ер адам әйеліне, оның 4 жасар қызына және анасына дене жарақатын салған. Бала ауруханаға жатқызылды, – деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Жәбірленушінің түсіндіруінше, үйіне алкогольдік масаң күйде оралған, бірге тұратын ер адам әйелді себепсіз ұра бастаған, артынша итеріп жіберген кейін ол басын ваннаға басын соғып алады. Содан кейін ол анасына да қол жұмсаған.
Бұдан кейін ер адам баланы өз бойының деңгейінде көтеріп, жерге лақтырып жібереді, салдарынан бұлдіршін басын еденге қатты соғып алады.
Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір ол қамауда.