×

Елордада бір тәулікте жүзден астам жол апаты болды

Полиция тұрғындарға жолда сақ болу керектігін ескертеді

 Халық үні 13.02.2022 | 12:59
фото: қалалық полиция департаменті

Қалың қар жаууына байланысты Полиция департаментінің патрульдік көліктерінің ілесуімен, көшелерді тазалайтын көптеген арнайы техника жұмылдырылды.

Астанада өткен тәулікте 114 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бір адам зардап шекті.

Жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, күрт тежеуге жүгінбеуді, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды, патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын орындауды, автокөлікті жолдың жүру бөлігінде қалдырмауды және тазартатын техникаға кедергі жасамауды сұраймыз, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков.  

Қар тазалауға кедергі келтіріп, көше бойына көлік қойған жүргізушілерге әкімшілік шаралар қолданылады. Автокөліктер эвакуацияланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қаржы пирамидасына қай өңір тұрғындарының жиі алданатыны айтылды

Онда 12 қаржы пирамидасынан 20 мыңнан аса адам зардап шеккен
30.03.2023 | 16:23

Алматы облысында 8 жасар ұлды зорлаған жасөспірімдер ұсталды

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
30.03.2023 | 16:00

«Нұрбанк», Halyk Bank... Қазақстандық 6 қаржы ұйымы мемлекеттен көмек алған

Олардың балансындағы проблемалық активтер мен өте үлкен шығындар деңгейі анықталды
30.03.2023 | 15:30

Қарағандыда моншадан өрт шықты

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
30.03.2023 | 15:20