Алматыда мешітте ұрлық жасаған адам ұсталды (ВИДЕО)
Жәбірленуші затын намаз оқып жатқанда ұрлатып алған
Алматыда Әуезов ауданының полицейлері мешітте ұрлық жасаған күдіктіні ұстады.
Алматы қаласының Әуезов ауданы ПБ қарасты полиция бөлімінің басшысы Елнұр Құдіретбаевтің айтуынша, ол 42 жастағы жұмыссыз жүрген азамат болып шықты. В. есімді азаматтың ұрлық жасағаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Затын ұрлатын алған адам қаладағы мешіттердің бірінде намаз оқу жатқанда телефонын еденге, аяғының астына қойған. Намаздан кейін затының жоғалғанын байқап, полицияға хабарласқан.
«Күдікті сол күні ұсталды. Ұрланған IPhone ұрының қолында болды. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – деді Е. Құдіретбаев.