×

«+1 Илон Маск» жобасы бойынша ауылдағы оқушыларға гаджет беріледі

Министр Бағдат Мусин компанияны қолдайтынын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 08.09.2022 | 12:18
фото: ашық дереккөз

Елімізде «+1 Илон Маск» жобасы бойынша мектеп оқушыларын гаджеттермен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады.

Ол астанадағы «Kaz dream» холдингіне барып, «+1 Илон Маск» жобасымен танысқанын атап өтті.

«Kaz dream» бірнеше бағытта жұмыс істейді. Соның ішінде B2B, ақпараттық қауіпсіздік, құқық қорғау органдары үшін және басқа да бағытта IT өнімдер дайындайды. Қазір олар біртіндеп халықаралық деңгейге шығып жатыр. Шетелдік компаниялардың өкілдері «Kazdream» өнімдеріне қызығушылық танытып отыр.

Холдингтің әлеуметтік жобаларға көп көңіл бөліп отырғаныны қуантты.

Кездесу барысында олар маған іске асырып жатқан  «+1 Илон Маск» жобасы туралы айтып берді. Бұл жоба әр ауыл баласын гаджетпен қамтамасыз етуге, оқушылардың білім алуына жағдай жасауға арналған.  Олар жыл сайын компанияда есептен шығарылатын ноутбуктерді өз қаражаттарына жөндеп, мұқтаж балаларға үлестіреді екен.  Бұл жобаға техниканы беру арқылы ғана емес, оны жөндеу бойынша ерікті ретінде де қатысуға болады, –  деді ол.

Ол «Kaz dream» холдингі сияқты компаниялар еліміздің IT-индустриясының болашағын қалыптастыратынын, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік орган ретінде оларды қолдап, дамуы үшін қолда бар жағдайдың бәрін істейтінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама