Атырауда полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарып қалды
Ол 5-қабаттан секірмек болды
Атыраулық полицейлер 5-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарып қалды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 16:15 шамасында 102 операторына вокзал маңы шағынауданы, Бергалиева көшесінде орналасқан үйлердің бірінің 32 жастағы тұрғыны анасының пәтер есігін ішінен құлыптап алғанын хабарлаған.
Аталған хабарлама бойынша №2 қалалық полиция бөлімінің №10 учаскелік полиция инспекторлары оқиға орнына жедел жетіп, пәтер есігін ашқан. Пәтер ішінде 5-қабат терезесінен сыртта орналасқан салқындатқыш үстінде өз-өзіне қол жұмсамақ ниетте тұрған әйелді көріп, дереу әрекет етіп, құтқарып қалған, – делінген хабарламада.
Қала тұрғынын өлімнен аман алып қалған қос бірдей полиция капитаны Қобылан Мамитин мен Нұрсұлтан Абитовтың айтуынша, олардың әр секунды маңызды болған, тез шешім қабылдап әрекет еткен.