Halyq Uni логотип
×

Елімізде 5 мыңнан астам сотталған азамат рақымшылыққа ілікті

Барлығы 12 мың адамға рақымшылық жасалмақ

 Қымбат Елтайқызы 12.02.2022 | 12:00
Елімізде 5 мыңнан астам сотталған азамат рақымшылыққа ілікті
фото: Halyq Uni

Қазір еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 34 мыңнан астам адам қамауда отыр. «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойылған күннен бастап бас бостандығынан айыру орындарындағы 945 азамат жазадан босатылды, тағы 1 102 сотталған адам жазасының өтелмеген мерзімі қысқарды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Сот шешімі жариялағаннан кейін сотталғандар дереу босатылуы тиіс. Бұған дейін өткен рақымшылықтар қаулының заңды күшіне енуін күтуді көздейтін және сотталғандар 15 күн өткеннен кейін ғана пенитенциарлық мекемелерден босатылуы мүмкін болатын, – дейді ІІМ.

Бұл ізгілік актісі қоғамнан оқшаулаусыз қылмыстық жазаға тартылған азаматтарға да қолданылады. Жазадан босатылған, пробация қызметі есебінде тұрғандар саны бүгінде 1 741 адамды құрайды. Соттар жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту туралы шешімді 1,7 мың есепке алынған азаматқа қатысты қабылдады.

Рақымшылық актісі қылмыстық-құқықтық қатынастардың белгілі бір аспектілеріне ғана қатысты. Ол адамдарды оңалтуға емес, тек қылмыс жасағандар жағдайын жеңілдетуге бағытталған.

«Рақымшылық жазадан толық немесе ішінара босатуды, неғұрлым жеңілге ауыстыруды немесе қылмыстық қудалауды тоқтатуды білдіреді. Бұл шара мемлекет қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыс жасаған азаматтарға қолданылады. Әлеуметтік осал топтар – кәмелетке толмағандар, әйелдер мен егде жастағы ер кісілер, мүгедектігі бар адамдарға (1 және 2-топтар) ерекше көңіл бөлінеді», – дейді құзырлы орган.

Өткен жылдан бастап Қылмыстық-атқару жүйесі бөліністері сотқа 11 мыңнан астам материал жіберді: мекемелерден – 2 310, пробация қызметінен  – 9 321 материал жолданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама