73 жастағы әйел ұлын іздеуге көмек сұраған
Қостанай облыстық полиция департаменті Аманқарағайда болған өрт кезінде жоғалған 56 жастағы ер адамды іздестіріп жатыр. Полицияға ұлының жоғалғаны туралы оның 73 жастағы анасы хабарласқан.
4 қыркүйек күні полиция бөліміне 73 жастағы әйел 56 жастағы ұлын іздеуге көмек сұрап, хабарласты. Ер адам 3 қыркүйекте Аманқарағайда эвакуациялау кезінде жоғалып кеткен. Қазір жоғалған азаматтың тұрғылықты жері бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полиция департаменті.
Бұған дейін «Барс» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері Аманқарағайдағы орман өртіне байланысты тұрғындарды эвакуациялау кезінде жоғалған ер адам туралы ақпарат таратқан.