×

Жаңадан тіркеліп жатқан 3 партияның бірі алғашқы съезін өткізіп тастады

Әділет министрлігіне жалпы 8 партия өтінім берген

 Еркеғали Болатұлы 07.09.2022 | 16:42
фото: ашық дереккөз

Әділет министрлігінің қарауындағы 3 саяси партия ұйымдастырушылық, съезд шақыру кезеңінде. Бұл туралы бүгін ведомство басшысы Қанат Мусин мәлімдеді.

Дұрысы, бір партия съезін өткізіп қойды. Қазір партия мүшелерінің тізімі тексеріліп жатыр. Екі партия съезд шақыру сатысында, - деді министр Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, Әділет министрлігіне жалпы 8 партия өтінім берген. Бірақ әзірге олар бірінші кезеңнен өткен жоқ. Ал бүгін Мәжіліс саяси партияларды тіркеу тәртібіне қатысты түзетулер енгізілген заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Еске сала кетсек, жаңа заң жобасына сәйкес, саяси партияларды тіркеу үшін оның сандық шегі 20 мыңнан 5 мыңға дейін, саяси партиялардың өңірлердегі өкілдіктерінің саны 600-ден 200-ге дейін, саяси партияны құру кезіндегі бастамашыл топ азаматтарының саны 1 мыңнан 700-ге дейін қысқартылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама