Ресейден көшіп кеткен адамдар саны екі есе көбейген
Елдегі халық саны 480 мың 600 адамға немесе 0,33 пайызға азайған
Ресейден көшіп кеткен адамдар саны екі есе көбейген.
Ресейдегі әлеуметтік-тұрмыстық, экономикалық жағдайға байланысты көрші елдерге көшіп жатқан халықтың саны күн өткен сайын көбейіп жатыр. Ресейліктер көбінесе Украина, Тәжікстан, Армения, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстанға, сондай-ақ Қытай, Вьетнам мен Үндістанға қоныс аударған. Қолда бар мәліметке қарағанда, Ресейден жыл басынан бері 419 мың адам өзге елге шыққан. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда екі есе көп.
Биылғы жылдың басында 368 мың адам Ресейден ТМД елдеріне кеткен болса, 294 мың адам Ресейге ТМД-дан келген. Мемлекеттік статистиканың федералды қызметінің (Росстат) мәліметіне қарағанда, алыс шет елдерге 50 мыңнан астам адам кеткен, соның ішінде Ресейге 27 мың адам қайтып келген.
Сонымен бірге Росстаттың деректеріне сәйкес, жыл басынан бері Ресейдегі жалпы халық саны 480 мың 600 адамға немесе 0,33 пайызға азайған. Халықтың табиғи азаюы 384 мың адам болған. Былтыр 422 мың адамға азайған.