Halyq Uni логотип
×

Шығыс Қазақстандағы дала өрті 700 гектарға жайылды

Елді мекендерге қауіп жоқ

 Динара Амантай 07.09.2022 | 10:58
Шығыс Қазақстандағы дала өрті 700 гектарға жайылды
Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 700 гектарға жайылған дала өртінің беті қайтпай жатыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментініңбаспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2 қыркүйек күні түскі уақытта Алтай ауданында ашық алаңда өрт шықты.

Қазір «Зырян» орман шаруашылығы және «Быков» орманшылығына жайылған қызыл жалынның жалпы ауданы 700 гектарға жетіп отыр.

Тілсіз жау таулы аймақта бұта мен шөпті шарпуда. Сол жерде құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері, орманшылар, «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің қызметкерлері дамылсыз жұмыс істеуде. Елді мекендерге төніп тұрғын қауіп жоқ. Өртті сөндіруге барлығы 320-дан астам адам мен 25 техника жұмылдырылды, - делінген ақпаратта.

Бұған қоса Күршім ауданындағы Марқакөл, Бобровск орман шаруашылықтары мен Тоқсайын ауылдық окургіне қарасты жерлерде де өрт шықты. Ағаштар, бұталар мен дала өртеніп жатыр. Шамамен 300 гектар жер жанған деген ақпарат бар. Өрт ошағына ең жақын орналасқан Тоқсайын елді мекені. Мамандар тұрғындарға тілсіз жаудан келер қауіп жоқ деп отыр. Қазір қызыл жалын тұтанған аумақта 270 адам мен 30 ға жуық техника тікұшақ жұмыс істеп жатыр.

Шығыс Қазақстанда күннің күрт ысуына байланысты, 4-5 деңгейлі өрт қауіпі сақталып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама