Halyq Uni логотип
×

Террористік тұрғыдан осал ғимарат басшылары арнайы оқытылды

Қызметкерлер де қалыс қалған жоқ

 Халық үні 11.02.2022 | 16:55
Террористік тұрғыдан осал ғимарат басшылары арнайы оқытылды
коллаж: Halyq Uni

Елордада террористік тұрғыдан осал нысандардың мыңнан астам басшысы мен қызметкері арнайы оқытылды. Полиция осындай мыңға жуық объектінің терроризмге қарсы қорғанысын қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылау жүргізеді.

Бұл – адамдар көп жиналатын аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті-өндірістік ғимараттар. Оның ішінде білім беру әрі денсаулық сақтау, мәдениет және спорт кешендері бар, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары террористік тұрғыдан осал нысандарды тексеру кезінде объектінің техникалық жағдайын, ұжымның террористік сипаттағы қауіп-қатерге ден қою жөніндегі білімі мен дағдысын тексереді. Аталған шара аясында семинарлар өтіп, онда терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заң түсіндірілді әрі террористік акт жасау қатері кезіндегі шаралар оқытылды. Ұжымдарға арнайы нұсқаулықтар әзірленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама