×

Талғардағы жаңа мектеп тағы да сынға қалды

Мектепке жол жоқ. Көшеге автотұрақ салынбаған

 Дастан Жұмабекұлы 07.09.2022 | 09:44
фото: видеодан кадр

Талғар қаласында 3 млрд теңгеге жаңадан салынған мектеп тағы да сынға қалды.

Instagram-дағы kris_p_talgar парақшасында блогер Бауыржан Нақысбеков оқушылардың мектепке баратын жолы туралы видеожариялаған.

Жаңа мектеп туралы тағы бір нәрсе айтайын. Мектепке қатысты тағы бір проблема шықты. Ол –  жол.  Мектепке айналма жол жағынан жеті мүмкін емес. Яғни, негізгі жол жағынан оқу орнына бара алмайсыз. Елді мекеннен өтетін жол бар. Бірақ бұл көше көп көлікке арналмаған. Өйткені, ені аз көлікке арналған. Сонымен қатар, 1200 оқушыға арналған мектепте көше тұрағы жоқ. Ата-аналар далада тұруға мәжбүр. Жаяу келгендер далада, шаңда тұрып, балаларын күтеді екен.

Мектеп шаң, көлік шаң, киім шаң, мұрынға, көзімізге шаң кірген. Мектептің шатыры толық ауыстырылмаған. Олар тағы да нөсерден жарылды деп айтатын шығар, –  делінген жазбада.

Жазбаның астындағы комментарийлерде ата-аналар көшеге автотұрақтың жоқтығына наразылықтарын білдірген.  

Бұл мектеп туралы БАҚ-та, әлеуметтік желіде аз материал жарияланған жоқ. Оқу орнының шатырынан су ағатыны, балаларға арналған дәретхана сыртта салынғаны жазылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама