Алматы облысында бұрынғы әйелін 22 рет пышақтаған күдікті ұсталды
Қайғылы оқиға Еңбекшіқазақ ауданында болған
Алматы облысында бұрынғы әйелін 22 рет пышақтаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде жәбірленушінің видеосы жарияланған болатын.
Қылмыс 3 қыркүйекте Шелек ауылында болған. Дерек Еңбекшіқазақ ауданы ПБ СДТБТ-де Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіруге оқталу») бойынша тіркелді. Бүгінде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық қажет тергеу әрекеті жүргізілуде, – деді Алматы облысының ПД баспасөз қызметі.
Күдікті қамауда жатыр. Департамент басшылығы қылмыстық істің тергеу барысын бақылауға алған.