Айтуынша, олар «Сырға салу» рәсіміне қатысқан
Асқар Мамин әлеуметтік желіде пайда болған Нұрлан Нығматулин және Әділбек Жақсыбековпен бірге түскен суретке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Расында, өткен жексенбі – 4 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы мейрамханалардың бірінде түскі уақытта жақын туыстарымның ұйымдастыруымен қазақтың салт-дәстүріне сай «Сырға салу» рәсімі өтті. Кейбір БАҚ-та фотосуретке қатысты берілген ақпарат орынсыз әрі арандатушылық болып табылады деп есептеймін, - деді Асқар Мамин.
Сонымен бірге, ол еліміз қазір өзінің дамуының, оның ішінде саяси трансформацияның тарихи кезеңінде тұрғанын атап өтті.
«Осыған байланысты мұндай шешуші кезеңде мемлекет басшысының айналасына жиналып, арандатушылар мен деструктивті ойлы адамдарға ешқандай мүмкіндік бермеуіміз керек деп есептеймін», - деді Асқар Мамин.