Halyq Uni логотип
×

ҰБТ-да бөтен біреулер жүйеге еніп, талапкерлерге тест жауаптарын белгілеп берген

Әзірге 3 дерек анықталды

 Айнұр Шошаева 06.09.2022 | 13:59
ҰБТ-да бөтен біреулер жүйеге еніп, талапкерлерге тест жауаптарын белгілеп берген
Коллаж: Halyq Uni

«Әділдік жолы» РҚБ Алматы қаласы филиалы ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде жүйеге заңсыз кіріп, тестілеушілер үшін жауап нұсқасын білгілеу фактісі бойынша полицияға шығамданды. Қазір ішкі істер органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Оқиға 13 тамызда Алматыдағы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында ҰБТ тапсыру кезінде болған. 

«Жуырда мектеп бітірушілерінің ҰБТ өткізілген оқу орындарының бірінде комиссия мүшелері тестілеу бағдарламасына белгісіз тұлғалардың қашықтан рұқсатсыз кіруінің бірнеше фактісін анықтады. Тест тапсырушы жай ғана тінтуірді ұстап отырған кезінде, монитордағы курсор жауаптарды өзі белгілеп отырған. Әрине, бұл тесттің ұйымдастырушылары мен өзге комиссия мүшелерін таңдандырмай қоймады», – деді ұйымның Алматы қалалық филиалының жетекшісі Бауыржан Мақұлбаев. 

Оның айтуынша, «Әділдік жолы» ұйымының арызы бойынша, полиция органдарымен ақпараттық жүйеге заңсыз кіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Әзірге 3 тест тапсырушы анықталды.

«Бұл қалай болды? Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін кім қамтамасыз етеді? Мұндай операцияларды ҰТО қызметкерлерінің қатысуынсыз жүргізуге бола ма? Мемлекеттің қорғауындағы ақпараттық жүйенің біріне бөгде адамның еркін қол жеткізу ұлттық қауіпсіздік мәселесі емес пе? Осы сұрақтарға ҰҚК, Бас прокуратурасынан және Ішкі істер министрлігінен жауап естимін деп үміттенемін. Кінәлілер жазасын алады деп үміттенемін», – деп қосты филиал басшысы. 

Қазір осы жағдай бойынша Қылмыстық кодекстің 205-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, заң бойынша кінәлілер анықталса, заңда мына жазалар көзделген: 100 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл; сол мөлшерде түзеу жұмыстары; 160 сағатқа дейiн қоғамдық жұмыстар; 40 тәулікке дейін қамау.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама