×

Маңғыстаудағы малдың қырылуы: Өңірдің қазіргі жағдайы қалай

Сала министрі жергілікті биліктің жұмысын сынға алды

 Халық үні 11.02.2022 | 14:59
фото: ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болып, аймақтағы жағдаймен танысты.

Ведомство басшысы облыстағы малдың және құрғақшылық кезінде өлген малдың жалпы санына жеке тоқталды. Оның айтуынша, 2022 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша, ұсақ мал - 363,4 мың бас, жылқы – 113,5 мың бас, түйе - 82,2 мың бас, ірі қара мал - 24,5 мың басты құрайды, – дейді АШМ.

Соңғы жылдары жылқылардың өсімі байқалады. Тек былтырғы тамыздан бастап олардың саны 24 627 басқа артқан. Сонымен қатар олардың арасында жергілікті жағдайға бейімделмеген, бұрын Батыс Қазақстан, Ақмола әрі басқа облыстардан әкелінген тұқымдардың бар екені анықталды. Мамандардың пікірінше, өңірдің жайылымдық ерекшелігі ірі қара мен жылқы шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бермейді.

Аймақтағы барлық малдың 40%-ы шаруа қожалықтарына тиесілі. Осыған байланысты, Қарашөкеев фермерлерді алдағы кезеңде жем-шөппен қамтамасыз етуге жауапкершілікпен қарауға шақырды. Министрлік басшысының пікірінше, жергілікті атқарушы органдар және аграршылар жаңа механизмдер әзірлеп, жазда мал азығымен қамтамасыз ету үшін қосымша мүмкіндіктер қарастыруы тиіс. Оның ішінде басқа облыстар әлеуетін пайдалану жолдары да бар.    

АШМ басшысы жем-шөппен қамтамасыз ету аудан әкімдерінің міндеті екенін еске салды. Оның айтуынша, бұл мәселеде жергілікті билік өте енжар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама