Енді мемлекеттік сатып алуда бағаға емес, сапаға басымдық беріледі
Ұлттық экномика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда президент Жолдауын іске асыру аясында мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Ведомство басшысы жаңа экономикалық саясат бағытында 22 іс-шараны іске асыру жоспарланғанын атап өтті.
Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң қабылданады. Оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің ең төменгі бағасынан бұрын сапа талаптарына басымдық беріледі, - деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қазақстан халқы Жолдауында мемлекеттік сатып алу мәселесіне назар аударуға шақырған еді.