×

Маңғыстауда карате бапкері бес жасар қызды зорлады деп айыпталып отыр

Анасының айтуынша, бұл жағдай 3-4 айдан бері жалғасып келеді

 Халық үні 06.09.2022 | 09:40
көрнекі фото: ашық дереккөзден

3 қыркүйек күні сағат 20:37 шамасында #НеМолчиKZ қорының жедел желісіне тұрғындардың бірі хабарласып, оның 5 жасар жиенін бапкері жаттығу кезінде бірнеше рет зорлап, азғындық көрсеткенін жеткізген. Анасы 5 жасар қызына бірнәрсе болғанын сезіп, сұрастыра келе осындай жағдағдайға тап болғанын білген.

Анасының айтуынша, 19 жастағы Александр Баландин жаттығу кезінде кәмелет жасына толмаған қызға бірнеше рет жыныстық зорлық жасап, азғын әрекеттерге барған. Ол қызды ата-анасына айтпауға үндеп, өзара құпия екенін айтқан. Ал қыз бала жаттықтырушының айтқанын мүлтіксіз орындап келген. Бес жасар қыз жаттығу орталығына 2021 жылдың қыркүйек айынан бері барып жүр екен. Ал, зорлау жағдайы соңғы 3-4 айдан бері жалғасып келе жатыр.

Айта кетейік, бапкер 18 жасында ашихара-каратеден әлем чемпионы болған, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап балаларды жаттықтырып келеді екен. Өзі Маңғыстау облысындағы ашихара-карате федерациясының түлегі, аға бапкер Игорь Отаровтың шәкірті. Балалар мен ата-аналар бұл бапкерді қатты құрметтейді және сенім артады екен.

Бұл Ақтау қаласындағы бірінші жағдай емес, 2020 жылдың желтоқсан айында шәкіртін зорлады деген айыптаумен карате бапкері 14 жылға бас бостандығынан айырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама