×

Алматыда автобус өртеніп кетті

Қоғамдық көлік «Алматыэлектротранс» ЖШС-не тиесілі 

 Динара Амантай 06.09.2022 | 09:15
Фото: Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі

Алматыда Сайын - Жандосов көшелерінің қиылысында автобустан өрт шықты. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жедел түрде көбікпен өрт оқпандары енгізіліп, автобус конструкцияларын салқындату үшін бөлек өрт оқпандары берілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 08-47-де оқшауланып, 08-50-де толық сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.

Автобус «Алматыэлектротранс» ЖШС-не тиесілі екені белгілі болды. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда автобус жүргізушісі жолаушылардың көз алдында қайтыс болғаны туралы жаздық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама