Halyq Uni логотип
×

БҚО-да ер адам 58 жастағы әйелді зорлап, өлтіріп кеткен

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, марқұм балаларынан бөлек тұрған

 Халық үні 06.09.2022 | 03:11
БҚО-да ер адам 58 жастағы әйелді зорлап, өлтіріп кеткен
фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында 58 жастағы әйелді зорлап өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. 

Ведомство баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 29 тамыз күні Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында болды.

«Сағат 13.00-де өзінің мекенжайынан 1964 жылғы әйелдің мүрдесі табылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігіне (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды», деп хабарлады ведомстводан.

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, марқұм балаларынан бөлек тұрған. Бірнеше адам бірге арақ ішкен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама