«Ол – кәсіби маман». Ақшолақов қатаң сөгіс алған орынбасарына қатысты пікір білдірді
Дизель тапшылығына байланысты вице-министр Әсет Мағауовқа ескерту жасалған болатын
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкіметтен қатаң сөгіс алған орынбасарына қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстанда дизель отынына қатысты мәселе шешіліп жатыр. Тиісті тапсырмалар берілген.
Әсет Маратұлы – өте мықты, кәсіби маман. Жұмыс барысында сөгіс жариялауға тура келетін жағдайлар болады. Бірақ бұл оның кәсібилігіне әсерін тигізбейді. Ол ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жүр. Маңыздысы, бұл мәселені шешіп, болашақта қайталанбауына жол бермеу керек, - деді Болат Ақшолақов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатынан соң.
Еске сала кетсек, осыған дейін дизель тапшылығына байланысты бірнеше басшыға қатаң сөгіс жарияланған болатын.