Қызылордада мас жігіт әйелін ұрып өлтірді
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қызылорда қаласының тұрғыны мас күйінде әйелін ұрып-соққан деп хабарлады Polisia.kz.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 3 тамыз күні түнгі уақытта 27 жастағы әйелді заңды некедегі жолдасы мас күйінде белгісіз себеппен ұрып-соққан. Салдарынан алған ауыр дене жарақатынан әйел қайтыс болды.
Оқиға орнынан бой тасалап кеткен 29 жастағы Қызылорда қаласының тұрғынын ұстау мақсатында жедел тергеу тобы құрылып, іздестіру барысында оны досының үйінде жасырынып жатқан жерінен ұстады, – делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігімен («Адам өлтiру») сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.