Сотта ол өз кінәсін мойындады
Ақтөбенің қылмыстық істер жөніндегі сотында 30 жастағы медбике «Азаптау» бабы бойынша сотталды.
ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қылмыс көктемде психикалық ауытқулары ауыр балалар тәрбиеленетін мектеп-интернатқа прокурорлық тексеру барған кезде ашылған.
Бейнебақылау камераларынан әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің өз тәрбиеленушілерін ұрып-соққаны анықталды. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Сотта медбике өз кінәсін мойындады. Ол 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.