Halyq Uni логотип
×

Ақтөбелік медбике мүгедектігі бар балаларды ұрып-соққан

Сотта ол өз кінәсін мойындады

 Еркеғали Болатұлы 03.09.2022 | 17:29
Ақтөбелік медбике мүгедектігі бар балаларды ұрып-соққан
фото: видеодан скриншот

Ақтөбенің қылмыстық істер жөніндегі сотында 30 жастағы медбике «Азаптау» бабы бойынша сотталды.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қылмыс көктемде психикалық ауытқулары ауыр балалар тәрбиеленетін мектеп-интернатқа прокурорлық тексеру барған кезде ашылған.

Бейнебақылау камераларынан әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің өз тәрбиеленушілерін ұрып-соққаны анықталды. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Сотта медбике өз кінәсін мойындады. Ол 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама