Halyq Uni логотип
×

Елордалық полицей 24-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Әйел қатты жылап, полицейдің қолынан босап шығуға тырысқан

 Еркеғали Болатұлы 03.09.2022 | 15:29
Елордалық полицей 24-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды
фото: дереккөз

Елордада Байқоңыр ауданының учаскелік полиция инспекторы Қуаныш Мирзаев 24-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды.

«Полицияның «102» арнасына Уәлиханов көшесінің бойында 24-қабаттың сыртқы ернеуінде әйелдің отырғаны туралы қоңырау келіп түсті. Сол уақытта оқиға орнында болған инспектор үйге жүгіріп барып, әйелдің шынында өлімге қадам жасамақ болғанын көреді.

Қуаныш Мирзаев санаулы секундта жоғары қабатқа көтеріліп, техникалық қабаттың кішкентай терезесі арқылы сыртқы ернеуге шығады. Арадағы қашықтық 1 метрдей болғанмен, ол білдіртпей, әйелдің артынан келіп, қолынан ұстап алады.

Жас әйел қатты жылап, полицейдің қолынан босап шығуға тырысқан. Осы уақытта құтқарушылар да келді», - делінген хабарламада.

Осылайша, полиция қызметкері мен құтқарушылар 27 жастағы әйелді терезе арқылы қауіпсіз жерге алып шыққан. Қазір полицейлер оны мұндай әрекетке не итермелегенін анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама