Санитарлық эпидемиологиялық қызмет мамандары да үнсіз
Әлеуметтік желіге Қызылордадағы дәмханалардың бірінде клиентке түскі асқа берілген бәліштің суреті тарады. Оның ішінен тарақан шыққан.
Тоқмағамбетов көшесі, №3 үйдегі «Ақниет» дәмханасында тарақан қосылған бәліш сатылған. Жалпы, тамақтандыру орындарының санитарлық жағдайын қадағалайтын адам бар ма? - деп жазған суреттің авторы.
Дәмхана басшылығы әзірге бұл жайтқа қатысты түсініктеме бермепті. Санитарлық эпидемиологиялық қызмет мамандары да үнсіз. Ал қала тұрғындары одан басқа да асхана, дәмханаларда осындай сорақылықтардың жиі қайталанатынын алға тартып отыр. Сондықтан олар алдымен «Ақниет» дәмханасын тексеруді сұрайды.
«Бірде палау жеп, уланып қалдық. Айтпақшы, палаудан шаш табылды», «Бақылау жоқ! СЭС-ке ескертпей, қаланың барлық қоғамдық тамақтануын айналып өтіңіз» дегендей пікірлер жазып жатыр тұрғындар.