Halyq Uni логотип
×

Аймағамбетов мектепте бірнеше пәннің сағаты көбейетінін айтты

Оқу бағдарламасы жаңартылады

 Дәурен Ерболат 03.09.2022 | 14:00
Аймағамбетов мектепте бірнеше пәннің сағаты көбейетінін айтты
Фото: primeminister.kz

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов президент Жолдауы аясында бірнеше пәннің сағат саны көбейетінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы жаратылыстану-математика цикліндегі және тілдік пәндерге басымдық беруді тапсырды. Математика, физика, химия, биология пәндерін оқыту сағаттары бағдарламада ұлғаяды. Оқу бағдарламалары жаңартылады, - деді Асхат Аймағамбетов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сондай-ақ ағылшын тілін оқыту сағаттары да көбейеді.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, 2024 жылдан бастап 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту сағаттарын көбейту, қазақ және орыс тілдерін меңгеруге қажет жағдай жасау бойынша іс-шараларды қабылдаймыз, - деді министр.

Айта кетсек, президент Қазақстан халқына Жолдауында жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика мен ағылшын тілін оқыту керектігін ескерткен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама