Елордада бес жасар қызды ұрып өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Сотталушының апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады
22 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бес жасар баланы өлтіру фактісі бойынша К.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.
Сотта ер адамның мас күйінде бірге тұратын әйелдің 5 жасар қызын бірнеше рет ұрып-соғып, одан бала есін жимастан қайтыс болғаны анықталды.
Алқабилер соты өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға толық құрамда дауыс берді.
Сотталушы апелляциялық шағымында кінәсіздігіне айтып, үкімнің күшін жоюды сұраған. Алайда, 1 қыркүйекте сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы қаулы шығарды. Себебі, сот үкімінің күшін жоюға негіздер анықталмаған.