Білім күні жан сүйсінткен фотодағы баланың кім екені белгілі болды
Балақайдың есімі – Жанасыл. Жасы төртте. Алты баланың ең кішісі
Білім күні елге танымал болған баланың кім екенін белгілі болды. Ол Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданындағы Қараөзен ауылында тұрады екен.
Бұл туралы Facebook-те журналист Нұрлыбек Рахманов хабарлады.
Кешегі Білім күнінің ең танымал суреті БҚО-ның Қазталов ауданындағы Қараөзен ауылында түсірілген екен. Баланың есімі – Жанасыл. Жасы төртте. Алты баланың ең кішісі. Ол салтанатты шараға ағасымен бірге барған екен. «Өзі костюм киіп барғысы келді. Сөйтіп, киіндіріп алып бардық. Олай танымал болады деп ойлаған жоқпыз» депті анасы Бақытгүл Жақыпова», – деп жазды ол.
Айта кетсек, Білім күнінде Жанасылдың фотосуреті әлеуметтік желіде кеңінен тарап, жан сүйсінткен жақсы фото болды.