Halyq Uni логотип
×

«Қазақ үшін кәлимамды айтып, жан беруге дайынмын». Шиповских намазға жығылмақ

Мешітке барып, аруақтарға құран оқытамыз дейді

 Еркеғали Болатұлы 02.09.2022 | 14:05

Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских қазақтың тілін ғана емес, сондай-ақ дінін де толық меңгерген. «...Сұрауы бар» Youtube арнасындағы «Qazaq bol» бағдарламасына берген сұхбатында ол сүре-аяттарды толық оқып, әрдайым әруақтарға құран бағыштап жүретінін айтты.

5 уақыт намазға әлі бетімді бұрған жоқпын. Иә, мұсылман болғандықтан намаз оқу керек. Дегенмен әр нәрсенің өз уақыты болады. Кәлимамды білемін. Фатиха, Ықылас сүрелерін оқи аламын. Мешітке барып, аруақтарға құран оқытамыз, -дейді Геннадий Шиповских.

Орыс ұлтынан болса да қазақ отбасынан тәрбие алған депутат діні бойынша мұсылман болғандықтан, 5 парызды орындауды өзінің міндеті санайды. Әрі кезінде жетімдер үйінде болып шыққандықтан, қазір қайырылымдылықпен де айналысуды әдетке айналдырған.

«Тәуелсіздік құндылықтарының іргесін шайқайтындай жағдай болып жатса, қазақ үшін, қазақ жері үшін, еліміз үшін кәлимамды айтып, жан беруге дайынмын. Өйткені туып-өскен елім – Қазақстан. Мені өсірген де, көтерген де қазақ. Еліміздегі әрбір этнос өкілі осы нәрсені мәңгілікке есінде сақтағаны абзал», – дейді Геннадий Шиповских.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама