Halyq Uni логотип
×

«Жеке пәтерім жоқ...» – Мәжіліс депутаты қазіргі жағдайын айтты (ВИДЕО)

«Депутаттар миллиондаған ақша алады» деген – мифтік әңгіме

 Еркеғали Болатұлы 02.09.2022 | 12:23

Мәжілісмен Генадий Шиповских депутат болса да бір айылыққа ғана күнкөріп жүрген көрінеді.

«...Сұрауы бар» Youtube арнасындағы «Qazaq bol» бағдарламасына берген сұхбатында депутат тек бір көлігі бар екенін алға тартты. Сондай-ақ қызметтік үйде тұратын ол депутат ретінде 640 мың теңге көлемінде айлық алады.

Бүгінде біздің елімізде көптеген азаматтар еңбек тәжірибесіне қарай айлық алады. Менің еңбек жолыма 12 жылдан асып, 13 жылға толып қалды. Бізден де үлкен, 30 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан кісілер, тіпті 20 жастан бастап, 40 жыл бойы жұмыс істеген азаматтар бар. Жалақыларда айырмашылық болады. Бүгінде жұрт «депутаттар миллиондаған ақша алады» дейді. Негізі бұл – мифтік әңгіме. Өзіме келсем, кәсібім жоқ. Бір айлығыма күнкөріп жүрген азаматпын. Жеке пәтерім жоқ, бір машинам бар. Құдай қаласа, бәрі алда, - – дейді депутат.

Сұхбаттың толық нұсқасын жоғарыдағы видеодан көруге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама