×

Көкшетауда кәріз құдығынан екі ағайынды құтқарылды

Алдын ала ақпарат бойынша, ер адамдар аммиак буымен уланған

 Динара Амантай 02.09.2022 | 10:12
Коллаж: Halyq Uni

Көкшетауда кәріз құдығынан ес-түссіз күйінде жатқан екі ер адам құтқарылды. Бұл туралы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 1 қыркүйекте құтқарушыларға кәріз құдығында екі ер адамның ес-түссіз жатқандығы жайлы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шыққан құтқарушылар ағайынды екі жігітті құтқара алды.

1982 ж.т. ер азамат кәріз құдығын тазаламақшы болып, есінен танғаны, одан кейін оның 1980 жылғы ағасы да соңынан түсіп, оның да есінен танғаны белгілі болды. Кәріз люгінде ер адамдар шамамен 30 минуттай болған, – делінген хабарламада.

Кәріз құдығынан шығарылғаннан кейін ТЖД қызметкерелрі екеуін ес-түссіз күйлерінде жедел жәрдем көлігіне тапсырды. Алдын ала ақпарат бойынша, ер адамдар аммиак буымен уланған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Оралда кәріз құбырын жөндеу кезінде екі жұмысшы қайтыс болғаны туралы жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама