Halyq Uni логотип
×

ШҚО-да жұртқа оқ атқан экс-полицей 15 мың теңге айыппұлмен құтылды

Оқиға кезінде ол мас болған

 Динара Амантай 02.09.2022 | 09:22
ШҚО-да жұртқа оқ атқан экс-полицей 15 мың теңге айыппұлмен құтылды
Фото: Halyq Uni

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында пәтер терезесінен оқ атып, адамдарды жаралаған бұрынғы полицей сотталды. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Риддерде мас ер адам қолына пневматикалық атыс қаруын алып, пәтерінің терезесінен көшедегі адамдарға оқ атқан. Соның салдарынан екі азамат жараланды. Ер адамды жедел келіп жеткен тәртіп сақшылары тоқтатты. Белгілі болғандай, шаһар тұрғыны бұрын полиция қызметін атқарған.

Қалалық әкімшілік соттың шешімімен азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Сот жәбірленушілердің ауыр жарақат алмағанын, айыпталушының осыған дейін сотқа тартылмағанын ескерді. Ол 15 900 теңге айыппұл төлейді. Ер адамнан пневматикалық мылтық тәркіленді, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында депутаттың өзіне қол жұмсағаны туралы жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама