Halyq Uni логотип
×

Мегаполис тұрғындары VIP нөмірге құмар

Қазақстандықтар VIP нөмірлерге 6 миллиард теңге жұмсапты

 Айнұр Шошаева 10.02.2022 | 14:45
Мегаполис тұрғындары VIP нөмірге құмар
фото: ашық дереккөзден

2021 жылы 20 мыңнан астам азамат VIP нөмір сатып алған, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Былтыр қазақстандықтар жалпы сомасы 5,8 млрд теңгеге жоғары сұранысқа ие немесе VIP деп аталатын нөмірлерді сатып алған. Автокөлік иелері 2020 жылмен салыстырғанда әдемі нөмірлерді көбірек рәсімдей бастаған. Ол кезде 3,9 млрд теңгеге 12 616 нөмір алынған болатын», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы.

Белгілі болғандай, 2021 жылы VIP нөмірлерге ең көп қаражатты алматылықтар жұмсаған. Алматы тұрғындары 2,2 млрд теңгеге 6882 әдемі нөмір сатып алған. Екінші орында – Шымкент автокөлік иелері. Олар 818 млн теңге сомасына 3190 нөмір алса, үштік соңында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Елордалықтар 2231 VIP нөмір үшін 667 млн теңгеге жұмсаған. 

«VIP нөмірлерге сұраныс Солтүстік Қазақстан облысында аз. Былтыр онда 45 млн теңгеге барлығы 169 ерекше нөмір тізбегі сатып алынған. Сандар мен әріптер комбинациясына байланысты VIP-нөмірлер бағасы 174 591 теңгеден басталады, ең қымбаты 872 955 теңге тұрады», – деді корпорация. 

Сонымен бірге VIP нөмір иесі оны бөгде адамға сыйға беріп, сата алмайды. Егер көлік сатылған жағдайда нөмір иесі оны жаңа көлік сатып алғанға дейін мамандандырылған ХҚО-да 6 ай бойы сақтай алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама