×

Қаңтар оқиғасы: Ұйымдасқан қылмыстық топтардың басшылары жазаланды

Бүкіл ел бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр

 Халық үні 10.02.2022 | 13:30

Бірқатар қылмыстықтық топ басшылары мен қатысушылары жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға қатысқаны үшін жауапқа тартылуда.

Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін ІІМ Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері аумақтық бөлімшелердің қатысуымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 4-7 қаңтарда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топ басшылары мен қатысушыларын ұстады және жауапқа тартты, – дейді полиция.

Жүргізілген арнайы операциялар нәтижесінде ұсталғандардан төмендегідей қару-жарақ түрлері алынды: екі «Калашников» автоматы, төрт «ПМ» тапаншасы, төрт «Глок» тапаншасы, револьвер, «ТТ» тапаншасы, помпалық мылтық, автоматты мылтық, «Сайга-410» тегіс ұңғылы карабині, «Оса» травматикалық тапаншасы, РГД-5 гранаты және әртүрлі калибрлі 130 бірліктен астам оқ-дәрілер.

Барлық ұсталғанға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

2 қаңтарда Жаңаөзенде басталған наразылық акциясы басқа қалаларда да жалғасты. 4 қаңтарда Алматы қаласында басталған митингтің ертеңі дүрбелеңге, қанды оқиғаға ұласты. Осы жағдайға байланысты барлық аймақта төтенше жағдай режимі енгізіліп, Президент Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекет басшыларынан террорлық сын-қатерді еңсеруде көмек сұрады. Тоқаев «Алматыға 20 мың террорист шабуылдады» деген пікір айтты. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бейбіт тұрғындар, күш құрылымдары қызметкерлері қаза тауып, жарақаттанды. Ғимараттар мен көліктер қиратылып, бизнес зардап шекті. Қазір бірқатар шенеунік ұсталып, билікте ауыс-түйіс жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама