Әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын тееларналардан басқа президенттің www.akorda.kz ресми сайтынан және Facebook желісіндегі Akorda парақшасынан тікелей эфирде көруге болады. Сонымен бірге жолдаудың мәтіндері БОРТ N1 Telegram-арнасында жедел ұсынылып отырады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.