×

Ресейліктердің ЕО елдеріне кіруіне тыйым салынуы мүмкін

РФ азаматтары үшін Шенген визасын алу қымбат әрі қиын болады

 Дастан Жұмабекұлы 31.08.2022 | 17:48
фото: rua.gr

Украинадағы соғысқа байланысты ресейліктердің Еуропа одағы елдеріне кіруіне тыйым салынуы мүмкін.  Осы мәселені Еуропалық одақтың СІМ басшылары Прагада өткен бейресми кездесуде талқылады.

Бұл бастаманы Шығыс Еуропа, Балтық және Скандинавия елдері қолдады. Қазірдің өзінде Финляндия, Польша және Чехия қысқа мерзімді визалар беруді тоқтатты. Десек те, Германия мен Франция осы мәселеге қатысты талапты жеңілдетуді жақтап отыр.

Қазір ресейлік туристердің  Балтық жағалауы арқылы Еуропа елдерін саяхаттауға мүмкіндігі бар. Мамандардың айтуынша, Еуропа одағы СІМ басшылары ресейліктерге виза берудің жеңілдетілген тәртібі туралы 2007 жылғы келісімді тоқтатуы мүмкін. Енді ресейліктер үшін қысқа мерзімде Шенген визасын алу қымбат әрі қиын болады делінуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама