Halyq Uni логотип
×

Зеленский Украинаны қалпына келтіруге қанша қаражат қажет екендігін айтты

Ол елді қалпына келтіруге қатысуға француз компанияларын шақырды

 Динара Амантай 31.08.2022 | 17:05
Зеленский Украинаны қалпына келтіруге қанша қаражат қажет екендігін айтты
Фото: Halyq Uni

Владимир Зеленский француздық кәсіпорындар қозғалысына (MEDEF) жасаған үндеуінде Украинаны қалпына келтіру үшін шамамен 600-800 миллиард доллар қажет болатынын, нақты сома соғыс қимылдары тоқтатылғаннан кейін белгілі болатынын айтты, деп хабарлайды Наlyq Uni тілшісі Тass.ru ақпараттық порталына сілтеме жасап.

600-800 миллиард доллар – Луганода айтылған мәлімет. Бұл соманы дәйекті сараптамалар жүргізгеннен кейін жария еттік, біздің ойымызша, келтірілген залал осындай көлемде болды. Барлығын жаңадан қалпына келтіру үшін шамамен осындай қаражат қажет, - деп мәлімдеді Украина президенті.

Сондай-ақ ол француз компанияларын соғыс қимылдарынан кейін Украинаны қалпына келтіруге қатысуға шақырды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Украина Қарулы күштері елдің оңтүстігін оккупанттардан азат ету үшін қарсы шабуылдың басталғанын мәлімдегені туралы жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама