Көкшетауда тағы бір бала жоғарғы қабаттан құлап кетті
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Көкшетауда 5 жасар бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті,
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Көкшетау қаласының Полиция басқармасына жедел жәрдем фельдшерінен 30 тамызда облыс орталығында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы терезеден 5 жасар баланың құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталуда.
Бұған дейін хабарланғандай, Шымкентте бес жасар ұл бала 3-қабаттың терезесінен құлап кетті.
Ол ересектердің қарауынсыз қалып, абайсызда үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.
Жыл басынан бері қалада 5 бала терезеден құлаған. Барлық жағдайда балалар жарақат алған.