Шымкентте атыс қарулары мен оқ-дәрілер табылды

Дастан Жұмабекұлы

Қару-жарақ қаланың қақ ортасында жасырылған

фото: gov.kz

Ішкі істер министрлігі мен Шымкент қаласының полиция департаменті және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Шымкент қаласындағы үйлердің бірінің қоршауы жанынан және орман алқабының жырасынан қару-жарақ жасырылған жерлерді анықтады. 

ІІМ-нің хабарлуаынша, полиция қызметкерлері екі шолақ мылтық, ТТ-ға ұқсас тапанша, карабин, Калашников автоматы, «Сайга» тегіс ұңғылы мылтық, «Бенелли» аңшылық мылтығы, «Штурм» полиция қалқаны мен дене бронды жилетін, сондай-ақ 115 патрон мен Ф-1 оқу гранатасын тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 287-бабының 1-ші және 3-бөліктері «Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау және алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сараптама тағайындалды.

Қазір жедел уәкілдер қаруды жасырған азаматтарды анықтап жатыр.