Ұласбек Сәдібеков те Түркістан облысының әкімі қызметіне ұсынылған
Оған облыстық мәслихаттың 86 депутаты дауыс берген
Премьер-министрдің баспасөз қызметі Түркістан облысының әкімі лауазымына кандидат ретінде Дархан Сатыбалды мен Ұласбек Сәдібеков ұсынылғанын мәлімдеді.
Әлихан Смайылов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Түркістан қаласына барып, Түркістан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиынына қатысты. Сол жерде Үкімет басшысы Әлихан Смайылов депутаттарға президенттің Түркістан облысының әкімі лауазымына екі кандидатты – Ұласбек Сәдібеков пен Дархан Сатыбалдыны қарауға ұсыну туралы хатын оқып берген.
Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 200 депутат Дархан Сатыбалдының кандидатурасына, 86 депутат Ұласбек Сәдібековке дауыс берді, – делінген хабарламада.
Сөйтіп, бұған дейін Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарған Дархан Сатыбалды облыс әкімі болып тағайындалған.