Антикор Солтүстік Қазақстанда жемқор басшыны ұстады
Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі «Еңбек» ШЖҚ «Еңбек-Қызылжар» РМК филиалында сыбайлас жемқорлықтың жолын кесті.
23 тамызда мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша сотталғандар үшін азық-түлікті қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін осы мекеменің басшысы жеке кәсіпкерден пара алған кезде ұсталды.
Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Кінәнің толық танылуын және сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді жүргізу туралы келіп түскен өтінішхатты ескере отырып, тергеу соты оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Кінәлікті сот анықтайды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.