FlyArystan әуе компаниясының ұшағына құс кіріп кетті

Дастан Жұмабекұлы

Жыл басынан бері құстар 99 рет Air Astana-ның ұшақтарына соғылған

фото: polet.me

Оқиға бүгін Аirbus A320 ұшағының Анталья-Ақтөбе бағытында КСХ 7820 рейсімен ұшып бара жатқанда болды. Аirbus әуежайға қонғалы жатқанда шассидің жармасына құс кіріп кеткен.

Соның кесірінен Ақтөбе-Атырау және Ақтау-Атырау рейстері тоқтатылып жатыр.

Жыл басынан бері құстар 99 рет Air Astana компаниялар тобының ұшақтарына соқтығысқан.