Путиннің ең жақын көмекшісі бункерге барып тығылып, аман қалды
Ресей президенті Владимир Путиннің ең жақын көмекшілерінің бірі Сергей Кириенко Донбаста ажал құшып кетудің сәл алдында қалды.
Бұл туралы Dayli Mirror хабарлады.
Ол өзін өзі жариялаған Донецк Халық Республикасы [ДХР] деген сепаратистік әскери бөлімі «Сомали» батальонының жауынгерлеріне марапат таратып тұрған жерінде бункерге барып тығылып, аман қалды, – деп жазды басылым.
Владимир Путиннің екінші ең жақын көмекшісі екі күн бойы украин әскерлерінің жаппай атқылауынан бас сауғалап қашып жүрді.
Сергей Кириенко – Ресейдің бұрынғы премьер-министрі, ал қазір Кремль әкімшілігі басшысының орынбасары және Ресей президенті Владимир Путиннің ең жақын досы, – делінген хабарламада.
Атыс Кириенко мен ДХР-дың лидері Денис Пушилин бункерге жетіп, тығылғанша болған.
Өткен аптада Кириенко Херсон облысының Новая Каховка ауданына барып қайтты.