Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді
Павлодарда жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Рolisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 29 тамызда сағат 22.00-де Павлодар қаласының Торговая-Центральная көшелерінің қиылысында Volkswagen Polo автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі жылдамдықты шектен асырып, Lada автокөлігімен соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Lada автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Ведомство өкілдері аталған жайтқа қатысты сараптама тағайындалғанын және автокөліктер арнайы айыппұл тұрағына қамауға алынғанын атап өтті.