Halyq Uni логотип
×

«БелАЗ» «УАЗ» көлігін ішіндегі адамдарымен таптап кетті

Онда 5 адам отырған

 Дәурен Ерболат 31.08.2022 | 09:06
«БелАЗ» «УАЗ» көлігін ішіндегі адамдарымен таптап кетті
Фото: Telegram/Patriot

Қарағанды облысындағы кен орнында көлік апаты болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Telegram-дағы Patriot арнасы.

«Молодежный» кен орнында «БелАЗ» «УАЗ» көлігін таптап кетті. Салдарынан көліктегі 2 жұмысшы қаза тапты. Олардың біреуі – 40 жаста, екіншісі – 37 жаста.

«Уазда» отырған тағы 3 адам ауруханаға жатқызылған.

Олар көптеген жарақат алды, тиісті көмек көрсетіліп жатыр, - дейді дәрігерлер.

Осы дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 156-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

«Алдын ала мәлімет бойынша, «БелАЗ» жүргізушісі маневр жасағанда «УАЗ» көлігінің сол жағына соғылған. Салдарынан «УАЗ» жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Онда отырған 3 жолаушы жолаушысы ауруханаға жеткізілді», - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Молодежный» кен орныда көмір өндіріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама