Жау сасқалақтады, – деді «Оңтүстік» қорғаныстың өкілі
Украина Қарулы күштері елдің оңтүстігін оккупанттардан азат ету үшін қарсы шабуылдың басталғанын мәлімдеді.
Бұл туралы The Moskou Times хабарлады.
«Оңтүстік» қорғанысы мен күзет күштері біріккен баспасөз орталығының жетекшісі Наталья Гуменюктің айтуынша, Украина армиясы оңтүстіктің бірнеше бағытында шабуыл ұрыс қимылдарын бастады. Ресей армиясының отты нүктелері бойынша «сегіз қуатты соққы» берілгеннен кейін олардың әскерлерінің моральдық ахуалдарына нұқсан келіп, естерін жинай алмай қалған.
Жау сасқалақтады. Енді олардың алдағы маневрлер үшін жинақтала қоюы қиын, – деді Гуменюк.
«Каховка» жедел тобы дүркін отты HIMARS ракета жүйесімен іс жүзінде Херсон облысына қарай баратын Днепр өзені үстіндегі көпірлердің бәрі жойып жіберілгенін жеткізді. Осының нәтижесінде Ресей армиясы өзі қару-жарақ пен адам күші жағынан көмек алып тұрған Қырым түбегінен ажырап қалған. Осылайша олардың түбекке баратын жолдары кесілген. ДХР полктары өздерінің Херсон облысындағы позицияларын тастап шыққан.
Пентагон украин күштерінің оңтүстікте кең ауқымды операция бастауға дайындыққа әуе күштерін де қосатынын да айтып отыр.
Қырымның басшысы Сергей Аксенов украиндар шабуылы басталғаны жайлы хабарды «ақпараттық қоқым» деп мәлімдеді.
Украина құрылымдары оңтүстіктегі барлық бағыттар орасан зор шығындарға батып жатыр, – деді ол.
Украина Новая Каховканы атқылағаннан кейін жұмыс орындарында эвакуация жарияланып, жұрт бомбыдан қорғанатын баспаналарға кетті, деді РИА «Новости» тілшісіне Ресей тағайындаған әкім Владимир Леонтьев.
Оның айтуынша, украин әскерилері Новая Каховканы түні бойы атқылаудың астына алған, ал ПВО «ракеталардың басым бөлігін атып түсірген».
Украина президенті Владимир Зеленский 10 шілде күні оңтүстікте шабуылды бастауға бұйрық берген еді. Бірақ украин әскерилері кейін ақылдаса келіп, әлі де күш жинай тұру керек екеніне тоқталған болатын. Қорғаныс министрі Олексий Резниковтің мәліметінше, соғыс басталған уақытта армия саны 700 мың адам болса, қазір 1 миллионға жеткен. Сол кездегі совет қаруларының орнын НАТО-ның жоғары дәлдікті артиллерия стандарттарына сай зеңбіректер басқан.
Украина әскерлері шабуылды әдейі кейінге қалдырып келген. Олар Херсонға шабуыл жасауға ұзақ уақыт дайындалған.
Қазір Гуменюк Украина Қарулы күштерінің Херсон облысын азат ету үшін бірнеше бағытта шабуылдардың болып жатқанын хабарлады.